×
504.44
545.65
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.44
545.65
5.95

Mango брендінің негізін қалаушы қаза болды

Mango брендінің негізін қалаушы қаза болды
Фото: Getty Images

Испанияның ең бай адамдарының бірі, испаниялық Mango киім-кешек компаниясының негізін қалаушысы Исак Андик қаза болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БИІКТЕН ҚҰЛАҒАН

ТАСС агенттігінің жазуынша, 71 жастағы кәсіпкер Кольбато муниципалитетіндегі шатқалда 150 метр биіктіктен құлап, мерт болған. Андик отбасы мүшелерімен бірге демалыста жүрген.

Андиктің қайтыс болғаны туралы ақпарат компания сайтында жарияланды. 

Осы сенбіде болған оқыс оқиға салдарынан Mango компаниясының негізін қалаушы <...> Исак Андиктің күтпеген жерден қайтыс болғанын терең өкінішпен хабарлаймыз, - делінген хабарламада.

ЕҢ БАЙ БЕСІНШІ АДАМ

Mango желісін 1984 жылы Каталония автономиялық қоғамдастығында Түркияда дүниеге келген бизнесмен Исак Андик құрған. Forbes журналының мәліметі бойынша, ол Испаниядағы ең бай бесінші адам болды.

Mango-ның әлемде шамамен 2,7 мың сауда нүктесі бар. Компания 2023 жылды 3,1 миллиард еуродан асатын рекордтық табыспен аяқтаған.