Бүгін Абхазияда парламент ғимаратының жанында атыс болды. Оқиға салдарынан екі депутат жараланған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жергілікті билік жағдайға қатысты түсініктеме берді. Sputnik Абхазия агенттігінің мәліметінше, республика Бас прокурорының орынбасары Руслан Тыркба ақпаратты растаған.
Оның айтуынша, оқиға орнына жедел-тергеу тобы аттанған. Денсаулық сақтау министрлігі депутаттар Кан Кварчия мен Вахтаги Голандзияның Абхазия парламенті маңындағы атыс салдарынан жараланғанын, екеуі де республикалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылғанын хабарлады.
Голандзияның алған жарақатынан қайтыс болғаны белгілі болды. Елдің ішкі істер министрлігі парламент маңындағы атысқа күдікті депутат Адгур Харазия екенін хабарлады. Ол қылмыс орнынан бой тасалағаны хабарланды.
Еске салсақ, бұған дейін Абхазияда мерзімінен бұрын президент сайлауы 2025 жылдың 19 ақпанына дейін – 15 немесе 16 ақпанда өтуі мүмкін екенін жазған болатынбыз.