×
495.28
518.41
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.28
518.41
5.44

21 желтоқсанда Астана мен Алматыда қар жауып, аяз күтіледі

20.12.2024, 20:17
21 желтоқсанда Астана мен Алматыда қар жауып, аяз күтіледі
Фото Caravan.kz

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі Астана мен Алматы бойынша сенбі, 21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші қар жауады, аздап боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15 градус аяз, күндіз -10-12°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, түнде қар жауып, тұман түседі. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10 аяз, күндіз -4-6°С.

Еске сала кетсек, бұған дейін елімізде демалыс күндері қар жауатыны хабарланған. Осыған байланысты синоптиктер алматылықтарға Медеу мен Шымбұлаққа бармауға кеңес берді.

Ал бүгін кешке оңтүстік астанада қаланың көлік қозғалысына қиындық туғызған күрделі ауа райы жағдайлары қалыптасуы салдарынан Алматыда әуежай жабылып, кептелістер шиеленісе түскен.