Тұрақты рейстерді ашу және зымыран кешеніне рұқсат беру жүйесін жеңілдету бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстан мен Ресей Байқоңырға тұрақты әуе рейстерін ашуды талқылауға кірісті. Бұл екі елдің туристік мүмкіндіктерін кеңейтуі мүмкін. Бұл туралы Ресейдің туризм индустриясы одағы мәлімдеді.
Ғарыш айлағы бойынша үкіметаралық комиссия ресейлік тағайындалған тасымалдаушылардың Байқоңыр қаласына және кері қарай аптасына 14 тұрақты рейсті орындау мүмкіндігін талқылады. Сол сияқты қазақстандық әуе компаниялары да аптасына осыншама рейсті орындай алады, деп хабарлады РТИО.
Сонымен қатар «Байқоңыр» ғарыш айлағы нысандарына рұқсат алу процесін жеделдету және жеңілдету ұсынылды.
РТИО атап өткендей, ғарыш айлағы турларына сұраныс жоғары, бірақ қолжетімділік мәселелерінен басқа, инфрақұрылымдық түйткілдер де бар. Қалада небәрі үш қонақүй істейді және оның бірі кеңестік кезеңде салынған.