×
523.86
544.34
5.11
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.86
544.34
5.11

Азия чемпионатындағы дау: IBA төрешілері тергеуге алынды

Бүгін, 18:37
Азия чемпионатындағы дау: IBA төрешілері тергеуге алынды
ҰОК

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) 2024 жылғы Азия чемпионатындағы төрешілікке қатысты даулы жағдайларды тергеуге ресми түрде кірісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Естеріңізде болса, биыл 28 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Тайландтың Чиангмай қаласында өткен бокстан Азия біріншілігінің ойындары кезінде ұлттық құрама командалардан төрешілікке қатысты көптеген шағым түсіп, жарыстың әділдігіне қатысты айтарлықтай күмән туындаған.

Inside the Games мәліметі бойынша, айыптаулар өзбекстандық боксшылардың пайдасына шешілген шешімдерге байланысты, бұл жағдайды IBA қазір мұқият зерттеуді бастаған.

КЕШІГІП КЕЛГЕН АЛТЫН

Біріншісі – Абылайхан Жүсіпов пен өзбек Хавасбек Асадуллаев арасындағы жекпе-жек болды. Жекпе-жек кезінде қарсыласы отандасымызды тістеп алған еді. Ол сәтте төрешілер елемеген болатын. Кейіннен Қазақстан бокс федерациясының шағымынан кейін техникалық делегат Сэйди Даффи істі қайта қарап, Асадуллаевты ережені бұзғаны үшін жарыстан шеттетіп, алтын медаль отандасымызға берілді.

Екінші күмәнді жекпе-жек тай боксшысы Сомчай Вонгсуан мен өзбек Адхомджан Мухиддинов арасында өтті. Мұнда да өзбек боксшысы күмәнді жеңіске жеткен.

КҮМӘНДІ НОКДАУН

Үшіншісі – Санжар Тәшкенбай мен өзбек Шодияржон Меликузиев арасындағы жекпе-жекті де қайта қарайды. Қазақстан бокс федерациясы соңғы раундта Тәшкенбайға қарсы төрешінің негізсіз есеп жүргізуі жекпе-жектің нәтижесіне әсер етіп, жеңісті Меликузиевке бергенін мәлімдеді.