×
523.86
544.34
5.11
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.86
544.34
5.11

Павлодарда прокуратура кәсіпкерге салынған 6 млн теңге айыппұлдың күшін жойды

Бүгін, 19:24
Павлодарда прокуратура кәсіпкерге салынған 6 млн теңге айыппұлдың күшін жойды
egemen.kz

Павлодар қалалық прокуратурасы ірі кәсіпкерлерді заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тартқан фактіні анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Fix Price» дүкендер желісінің иесіне Павлодар қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімі тауарларға қатысты мемлекеттік тілде ақпарат болмағаны үшін санитарлық ережелерді бұзған деген айып таққан.

Алайда, осыған дейін мұндай факті бойынша қозғалған іс заң бұзушылықтың анықталмауына байланысты тоқтатылған болатын. Алайда құзырлы орган кәсіпкерге негізсіз 6 миллион теңге айыппұл арқалатып жіберген. Прокуратураның аралсуынан кейін айыппұлдың күші жойылды.

Ал басқа бір жағдайда экология департаменті инвестор мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізсе де, жүргізбеген деген желеумен оны әкімшілік жауапкершілікке тартып жіберген. 

Сонымен қатар, тексеру актісінде экологиялық заңнамаға қайшы келетін талаптар қамтылған.

Прокуратура органдарының әрекетінің арқасында заңсыз актілер жойылып, тексеру нәтижелері жарамсыз деп танылып, кәсіпкерлердің құқықтары қалпына келтірілді. Кінәлі шенеуніктерді жауапкершілікке тарту мәселесі де көтерілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін жазғанымыздай Астанада мүгедектерге де заңсыз айыппұл салынған. Сөйтіп Нұра ауданы прокуратурасының қадағалау актілері бойынша аталған санаттағы 40 заңсыз әкімшілік материалдардың күші жойылды.

Сондай-ақ былтыр салық органдарының заңсыз тексерулері анықталып, 90-нан астам шенеунік жауапқа тартылған.