×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Салық органдарының заңсыз тексерулері: 90-нан астам шенеунік жауапқа тартылды

07.11.2023, 17:12
фото: ашық дереккөзден

Елімізде бизнеске қатысты 75 салықтық тексеру заңсыз деп танылып, 60-қа жуық кәсіпкердің құқықтары қорғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас прокуратура мәліметінше, заңсыз тексерулердің анықталуына Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшелерінде тексерулерді тіркеу заңнамасы талаптарының сақталуына жүргізілген тексеру негіз болды.

Мемлекеттік кірістер органдарының қызметін тексеру барысында Салық және Кәсіпкерлік кодекстерінің нормаларында көзделген тексерулерді тағайындау және жүргізу тәртібі бойынша 300-ден астам өрескел заңбұзушылықтар анықталды.

“Атап айтқанда, уәкілетті органда тексерулердің тіркелмей жүргізілуі және оның актілерінің уақтылы берілмеуі, заңды күші жойылған тексеру парақтарының қолданылуы, тексеру мерзімдерінің бұзылуы сияқты заңбұзушылықтар орын алды. Анықталған бұзушылықтар бақылаушы мемлекеттік орган тарапынан негізсіз қысым жасағанын білдіреді, бұл жағдай елдегі бизнестің дамуына кедергі келтіреді”, – делінген хабарламада.

Қабылданған прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде 45 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа және 47-сі әкімшілік жауапқа тартылды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ақмола шенеуніктері 100-ден аса кәсіпкерге заңсыз айыппұл салғаны анықталған.

Серіктес жаңалықтары