×
515.89
536.32
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.89
536.32
5.17

Спорт министрлігінің шенеуніктері 584 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінген

25.12.2024, 17:08
Спорт министрлігінің шенеуніктері 584 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінген
Коллаж Ulysmedia.kz

Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМК директоры мен оның орынбасары 584 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

584 МИЛЛИОН ТЕҢГЕНІ ЖЫМЫРУ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Бигайдаровтың айтуынша, Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМК директоры мен оның орынбасарына қатысты тергеу аяқталған.

«Олар кәсіпкерлік субъектілерімен бірлесе отырып, спорттық құрал-жабдықтарды сатып алуға арналған 584 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды, сондай-ақ туроператорлармен қымбат бағада келісімшарттар жасасу арқылы қаражатты иемденді деп күдікке ілінді», – деді Бигайдаров.

162 МИЛЛИОН ТЕҢГЕНІ ЖЫМЫРУ

Сонымен қатар, РМК директоры жеке компанияның басшысы бола отырып, 2021 жылы Батыс Қазақстан облысында футбол мен допты хоккей спортын дамытуға бөлінген 161,9 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырған.