×
515.89
536.32
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.89
536.32
5.17

Шерзат ісі: марқұмның әкесі Нұрымов бостандыққа шықты

25.12.2024, 22:22
Шерзат ісі: марқұмның әкесі Нұрымов бостандыққа шықты
Ulysmedia коллажы

Талғар ауданында кісі қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 тәуліктік әкімшілік қамаудан босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ақпарат Шерзат ісінің адвокаттары құрған justice_for_sherzat парақшасында жарияланды.

ҚАРЖАУБАЙДЫҢ ҰСТАЛУЫ

Талғарда 10 желтоқсан күні полиция Қаржаубай Нұрымовты ұстаған еді. Бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевті қара жерге тапсырғаннан кейін Қаржаубай Нұрымов пен оның туған-туыстары құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тағы да әділ тергеуді талап еткен еді. Видео әлеуеттік желілерде пайда болған. Нұрқанат пен Шерзаттың туған-туыстары жолға шығып, болған жайтты баян еткен наразылықтарын жеткізген. 

Кейін Шерзаттың әкесі мен әпкесі 15 күнге қамалғаны белгілі болды.

12 желтоқсанда Нұрымовқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы («Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған еді.

25 желтоқсан күні кешке адвокаттар Қаржаубай Нұрымовты отбасымен уақыт өткізіп, демалғысы келетінін айтып, уақытша ұстау абақтысынан алып кеткен.

НҰРҚАНАТТЫҢ ҚАЗАСЫ

Ресми мәліметке сәйкес, Нұрқанат Ғайыпбаев өз-өзіне қол салған. Полиция ер адам күзетілетін объектіден сағат 23:30-да жеке автокөлікпен шығып кеткенін хабарлады.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.