×
514.93
536.04
5.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.93
536.04
5.18

Ақтаудағы ұшақ апаты: астаналық белгілі нотариус 11 жастағы ұлымен бірге көз жұмды

25.12.2024, 23:14
Ақтаудағы ұшақ апаты: астаналық белгілі нотариус 11 жастағы ұлымен бірге көз жұмды
Ulysmedia коллажы

Ақтауда ұшақ апатынан көз жұмғандардың қатарында Астананың белгілі нотариусы мен оның ұлы бар болып шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана тұрғыны Гаухар Жұмағатқызы Шаймерденова мен оның ұлы Елдар Жұмағат Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза болған. Шаймерденова 1975 жылы туған. Астананың белгілі нотариусы. Оның ұлы 2013 жылғы бала.

Екеуі де бортта болған. Олар ауруханаға жеткізілгендердің ішінде жоқ.

ҰШАҚ АПАТЫ ТУРАЛЫ

25 желтоқсан күні Ақтауда Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан Әзербайжанның ұшағы апатқа ұшырады. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев ұшақ апатынан 38 адам қаза тапқанын ресми мәлімдеді.

Azerbaijan Airlines авиакомпаниясының деректері бойынша бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың арасында: Қазақстанның 6 азаматы, Әзербайжанның 42 азаматы, Қырғызстаннан 3, Ресейден 16 азамат бар.

ТЖМ апатқа ұшыраған ұшақтағы адам саны туралы түпкілікті ақпаратты жариялады. Оқиға салдарынан 29 адам, оның ішінде 2 бала ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 15 Әзірбайжан азаматы, 9 Ресей азаматы, 2 Қырғызстан азаматы, 3 адамның азаматтығы анықталуда.

Ақтау маңында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланып, кинологтар іске кірісті.