Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза болғандардың ішінде Қостанай облысының тумасы бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Құрбан болғандардың ішінде Жұтаева Сәлима Аманжолқызы бар. Ол 1995 жылы туған. Тіс дәрігері болып жұмыс істеген.
Ұшақта қаза болғандардың ішінде бұған дейін Қазақстанның бірнеше азаматы бар екені хабарланған. Қазақстан азаматтарының ішіндегі біреуі Ақтау, біреуі Жаңаөзен тұрғыны. Тағы екеуі Астана тұрғындары – белгілі нотариус пен оның ұлы.
ҰШАҚ АПАТЫ ТУРАЛЫ
25 қазан күні Ақтауда Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан Әзербайжанның ұшағы апатқа ұшырады. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев ұшақ апатынан 38 адам қаза тапқанын ресми мәлімдеді.
Azerbaijan Airlines авиакомпаниясының деректері бойынша бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың арасында: Қазақстанның 6 азаматы, Әзербайжанның 42 азаматы, Қырғызстаннан 3, Ресейден 16 азамат бар.
ТЖМ апатқа ұшыраған ұшақтағы адам саны туралы түпкілікті ақпаратты жариялады. Оқиға салдарынан 29 адам, оның ішінде 2 бала ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 15 Әзірбайжан азаматы, 9 Ресей азаматы, 2 Қырғызстан азаматы, 3 адамның азаматтығы анықталуда.
Ақтау маңында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланып, кинологтар іске кірісті.