Алматыдағы айырбастау пункттерінде АҚШ долларын орташа есеппен 518 теңгеге сатып алып, 522,5 теңгеге сатуда. Ал Астанада долларды 514 теңгеге сатып алып, 524 теңгеге сатуда. Бұл өткен аптағады бағамнан төмен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙЫ
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы сарапшыларының мәліметінше, валюталық нарықтағы сауда белсенділігі айтарлықтай төмендеген: жалпы мәмілелер көлемі 240,4 млн долларды құрады, бұл алдыңғы сессиядағы көрсеткіштен (347,2 млн доллар) аз.
“Батыс биржаларында және мұнай фьючерстерімен сауда-саттықтың болмауы аясында ұлттық валюта бағамына, бәлкім, ресей рублінің нығаюы, сондай-ақ КГС-тің экспорттық табыстарының міндетті түрде сатылуы және Ұлттық қордан трансферттерді конвертациялау есебінен шетел валютасының қосымша ұсынысы қолдау көрсетті” деп санайды ҚҚҚ мамандары.
РЕСЕЙДІҢ ҚАТЫСЫ
Ұлттың валюта соңғы бірнеше күн қатарынан біртіндеп нығайып келеді. Мұндай жағдай көрші Ресейде де байқалады. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовке Ресейдегі құбылысты салық аптасымен байланыстырады.
– Оларда болып жатқан қазіргі құбылыс – салық аптасы. Қазір Ресейдің экспортшылары салығын төлеп жатыр. Сондықтан, ол уақытша құбылыс. Нақты білмеймін. Өйткені ол рубль бағамы. Бірақ рубльдің қазіргі күшеюіне ең үлкен үлес қосқан фактор – салық аптасы. Одан кейін көрейік.
Трамп қаңтар айында президенттігіне кірісетінін білеміз. Алғашқы жарлықтары қандай болады? Әлемнің энергетика, қаржы нарықтарына қалай әсер етеді? Оның бәрі белгісіз. Көрейік. Содан кейін болжам жасаймыз, – деді Тимур Сүлейменов.
Ұлттық банк басшысы теңгенің бағамына байланысты Ұлттық банк болжам бере алмайтынын айтады. Оның айтуынша, теңгенің долларға шаққандағы бағамы реттелген (515-520 теңге шамасында).
– Ол теңгенің долларға деген жаңа деңгейі. Осы сандар аралығында болатын секілді, – деді ол.
ДОЛЛАРДЫҢ ҚЫМБАТТАУЫ
28 қарашадағы Қазақстанның айырбастау пункттерінде валюталардың орташа өлшенген бағамы белгілі болды. Доллар 525 теңгеге сатыла бастады. 18 қарашада Қазақстанның айырбастаушыларындағы доллар бағасы 500 теңгеден, ал 26 қарашада 503 теңгеден асқан еді.
Ұлттық банк осыған байланысты интервенция жүргізді.
Артынша Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.