×
514.93
536.04
5.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.93
536.04
5.18

«Қазақстанға әскер жіберсе, бақытты болам». Симонян тағы арандата сөйледі

Бүгін, 15:27
«Қазақстанға әскер жіберсе, бақытты болам». Симонян тағы арандата сөйледі
Маргарита Симоньян (Фото: Роман Пименов / ТАСС)

Ресейлік пропогандист, Russia Today арнасының редакторы Маргарита Симоньян сөзінің арасында Қазақстан туралы арандатушы сөз айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Маргарита Симонян Ресейде «заңгерлер де, экономистер де» әскерге баруды армандауы керек деп санайды. Оның ойынша сонда ғана елге ешкім қауіп төндіре алмайды.

Сонымен қатар, ол Ресей әскерінің Сириядан шығарылуын дұрыс деп есептемейтінін атап өтті.

«Мен Украинада, Сирияда және егер тағы да шақырса, Қазақстандағы қандай да бір "бармалейлермен" күресу үшін [соғысуды] өзімізге мүмкіндік бере алатын болсақ, өте бақытты болар едім», – деді пропагандист ЭМПАТИЯ МАНУЧИ хабарына берген сұхбатында.

“БАРМАЛЕЙ” ДЕГЕН КІМ

Симонян айтып отырған “Бармалей” Корней Чуковскийдің доктор Айболит туралы ертегілеріндегі зұлым, тонаушы әрі каннибал кейіпкер. Кремль пропагандисі осы сөзі арқылы Қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚШҰ әскерінің Қазақстанға кіргізілуін, “Бармалей” деп билік нұсқасы бойынша “террорист” деп танылғандарды тұспалдап тұрған болуы мүмкін.

АЛҒАШҚЫ АРАНДАТУЫ ЕМЕС

Бұл – Ресей үкіметіне тиесілі Russia Today телеарнасының редакторы Маргарита Симонянның Қазақстанға қарата айтқан алғашқы арандату сөзі емес.

Бұған дейін ол Қазақстанның Донецк пен Луганскты тәуелсіз республика деп мойындамайтынына байланысты “Қазақстанды сатқын” деп атап, “жасалған жақсылық үшін борышты түсінбейді, рахмет айтуды білмейді” деп ашулы жазба жариялаған.

Тілін безеп араға от салып көпй сөйлейтін Маргарита Симоньян 2022 жылы Еуроодақ санкциясына ілінген.