×
515.25
535.91
5.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.25
535.91
5.18

Ресей ұшақ апаты үшін кешірім сұрауы керек – Әзербайжан депутаты

Бүгін, 08:19
Ресей ұшақ апаты үшін кешірім сұрауы керек – Әзербайжан депутаты
Ulysmedia коллажы

Әзербайжан депутаты Расим Мұсабековтың айтуынша, Ресейде кінәлілерді қылмыстық жауапкершілікке тартудың орнына болған оқиға бойынша кейбіреулер "із жасыру үшін медиада белгілі бір әрекеттерді жасап жатыр", деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДЕПУТАТ НЕ ДЕЙДІ

Ресей тарапы Azerbaijan Airlines (AZAL) әуе компаниясының азаматтық ұшағын әуе қорғанысы зымыранымен құлатқаны үшін кешірім сұрауы керек, деді Әзірбайжан парламентінің депутаты Расим Мұсабеков жергілікті Turan басылымына берген сұхбатында.  

– Ұшақ Ресей аумағында Грозныйдың үстіндегі аспанда атып түсірілді. Мұны жоққа шығару мүмкін емес, - делінген Мұсабековтың хабарламасында.  

Депутат Әзербайжан мәжілісінің халықаралық қатынастар және парламентаралық байланыстар жөніндегі комитетінің мүшесі.

Мұсабековтың айтуынша, Ресей "жағдайға сәйкес әрекет етудің және кешірім сұраудың" орнына "кейбіреулер іздерін жасыру үшін медиада белгілі бір әрекеттерді жасайды". 

– Мұны жасағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы керек, адам өлімі мен зардап шеккендерге өтемақы төленуі тиіс. Егер олай болмаса, онда қарым-қатынас, әрине, басқа бағытқа өтеді, - деді парламентші.

Депутат сондай-ақ Әзербайжан тарапының "2020 жылғы 44 күндік соғыс" кезінде ресейлік әскери тікұшақтың апатқа ұшырағаны үшін кешірім сұрап, өтемақы төлеу жағдайын еске салды. Оның айтуынша, сол тұста кінәлілер жазаланған. 

– Бұл өркениетті қатынастар. Егер әуе қорғанысы жұмыс істеп тұрса, онда әуежай жабылуы тиіс, мұнда ешкім ұшпауы керектігі хабарлануы керек, - деп атап өтті Мұсабеков.

EURONEWS: ҰШАҚТЫ РЕСЕЙ ЗЫМЫРАНЫ АТЫП ТҮСІРГЕН

Euronews бұған дейін Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ ресейлік зымыраннан атылғанын мәлімдеген еді. Басылым Әзербайжан үкіметіндегі дереккөздерге сүйеніп, апат Грозный үстінде ресейлік зымыраннан атқаннан болған деп жазады сенімді түрде.

АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап38 адам қаза тапты.

Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы.

29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады.

Ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс ашылып, қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.