×
523.54
546.47
4.99
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.54
546.47
4.99

Израильдік БАҚ: Тель-Авив Асад режимімен жылдар бойы WhatsApp арқылы байланысып келген

29.12.2024, 12:42
Израильдік БАҚ: Тель-Авив Асад режимімен жылдар бойы WhatsApp арқылы байланысып келген
Фото: 123RF/bumbledee

Соңғы жылдары Израиль барлауы Сирияның құлатылған режимнің басшысы Асадпен және оның жақын ортасымен байланыс орнату үшін жасырын операциялар жүргізген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Түркияның "Анадолу" ақпарат агенттігі Yediot Ahronot басылымына сілтеме жасап ақпарат таратты.

“Yediot Ahronot газетінің хабарлауынша, Израиль барлау қызметі соңғы жылдары Сирияда құлатылған режимнің басшысы Башар Асадпен және оның жақын адамдарымен байланыс орнату үшін WhatsApp арқылы жасырын операциялар жүргізген”, деп жазды "Анадолу".

Мақалада айтылғандай Израиль барлау қызметі құлатылған режимнің жоғары лауазымды өкілдерімен WhatsApp арқылы «Муса» лақап атымен байланысқан.

Газеттің хабарлауынша, Әскери барлау дирекциясы (AMAN) Израиль армиясы Сириядағы Иранға және Ливандағы Хезболла қозғалысына тиесілі делінетін нысандарға әуе шабуылдарын жасағаннан кейін Асад режимінің бұрынғы қорғаныс министрі Али Махмуд Аббаспен WhatsApp хабарламалары арқылы байланыс орнатқан.

“Асадпен және оның жақын ортасымен байланыс орнатумен қатар Израиль Асад режиміне қарсы халықаралық санкцияларды алып тастаудың орнына Ливанға қару-жарақ жеткізуді тоқтататын құпия келісім жасау мақсатында тағы бір операция жасады”, деп жазады Yediot Ahronot газеті.

Сондай-ақ Израиль сыртқы барлау қызметінің бұрынғы басшысы Йосси Коэн 2019 жылдың соңында Мәскеудегі Кремльде Асадпен кездесуді жоспарлаған, бірақ Асад кездесуден бас тартты.

Еске сала кетсек, жуырда Ливанда Башар Асадтың туыстары ұсталған еді. 

Ал Сириядан қашқан Башар Асад алғаш рет мәлімдеме жасады. 

ҚАЙ КҮНІ ҚАШТЫ

Euronew Башар Асад елден қашқаннан кейін алғашқы мәлімдемесі жариялағанын жазған. Ол Дамаскіде көтерілісшілер астанаға кірген 8 желтоқсан күні таңертеңге дейін болғанын және сол күні кешке армия «соңғы позицияларын жоғалтқанда» және «барлық мемлекеттік мекемелер сал болып қалған кезде» елден кеткенін айтты.

Бұл мәлімдеме бұрынғы президенттің Telegram-каналында жарияланды. Онда оның Дамаскіден ресейлік Хмеймим авиабазасы орналасқан Сирияның Латакия провинциясына барғаны айтылады. Сонымен бірге оның астанадан кетуі «ресейлік одақтастармен келісе отырып және әскери әрекеттерді одан әрі бақылау мақсатында» жүзеге асырылғаны айтылады.

ТАҒЫ ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Сирияны 61 жыл билеген Асад әулетінің дәурені келмеске кетті

БАШАР АСАДТЫҢ УӘДЕСІ

Бұрынғы президент «Сириядағы оқиғалар кезінде отставкаға кету және елден қашу мүмкіндігін бір рет те ойламағанын» айтады. Ал оның Хмеймим базасынан эвакуациялануына армияның құлағаны және базаның өзіне ұшқышсыз ұшақтармен шабуыл жасай бастағаны себеп болған көрінеді.

Асад мәлімдемені жариялауды қауіпсіздік мақсатында кейінге қалдырғанын жазды және оқиға туралы егжей-тегжейлі баяндауға уәде берді.

БҰҒАН ДЕЙІН...

Еске салсақ, бұған дейін Сириядағы қарулы оппозицияның қолбасшылығы әйелдердің еркін киіну құқығын жариялаған болатын. Ал Ресей Сыртқы істер министрлігі Башар Асад президенттіктен кеткенін мәлімдеді.

Сондай-ақ бұған дейін Сирия президенті Башар Асад ұшақ апатынан ажал құшқан болуы мүмкін екені айтыла бастады. Оның ұшағы кенеттен радардан жоғалып кеткен болатын.