×
520.27
537.65
5.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.27
537.65
5.24

10 жылда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі баяулаған

30.12.2024, 11:54
10 жылда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі баяулаған
Көрнекі сурет

Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының орташа баға индексі 1,3%-ды құрап, соңғы 10 жылдағы ең төменгі көрсеткішке жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мұндай мәліметтер әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру мәселелері бойынша вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жиында айтылған.

БӘРІНЕН ДЕ СӘБІЗ БЕН ҚАРАҚҰМЫҚ ЖАРМАСЫ АРЗАНДАҒАН

Орташа баға индексі төмендеген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ішінде қарақұмық жармасы (-35,0%), сәбіз (-9,2%), күріш (-8,2%), ұн (-6,6%), қант (-3,3%), қырыққабат (-0,8%) және күнбағыс майы (-0,4%) бар.

Биылғы жылы нәтижелі жұмыс атқарып, баға индексі 4 өңірде төмендеген. Олар – Түркістан облысы (-2,8%), Ұлытау облысы (-2,8%), Астана қаласы (-1,5%) және Қызылорда облысы (-0,6%).