Қазгидромет 31 желтоқсан - 2 қаңтар аралығындағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады Ulysmedia.kz.
Синоптиктер мәліметінше, Республиканың басым бөлігінің ауа-райын Скандинавия түбегінің аудандарынан келетін циклон қалыптастырады. Ол тұрақсық ауа райын тудырады.
31 желтоқсанда елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжануда. Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі деп күтілуде.
1-2 қаңтарда солтүстік-батыста, солтүстікте, орталығықта және шығыста қар, бұрқасын қатты екпінді жел, батыста, оңтүстік-батыста, республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерінде жауын-шашын болады (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.
Елдің басым бөлігінде ауа температурасы: түнде батыста 5 градус аяз-5 градус жылы, күндіз 3 градус аяз -10 градус жылы, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, шығыста түнде 2-13 градус аязға дейін, күндіз 7 градус аяз -2 градус жылы, шығыста түнде және күндіз 0-8 градус аязға дейін жоғарылауы күтілуде, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.