×
503.15
543.3
5.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.15
543.3
5.93

Жаңа жыл кешінде Астанада қайда баруға болады, отшашуды қайда атады

30.12.2024, 15:00
Жаңа жыл кешінде Астанада қайда баруға болады, отшашуды қайда атады
Alexey_Fedoren

Астана әкімдігі қалада 31 желтоқсан күні өткізілетін іс-шаралар легін жариялады, деп жазады Ulysmedia.kz.

АСТАНАНЫҢ 8 ОРНЫНДА КОНЦЕРТТЕР ӨТЕДІ

31 желтоқсан күні түстен кейін Астананың сегіз орнында қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік жаңа жылдық концерттер өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Алматы ауданында Тәуелсіздік даңғылы бойындағы Оқушылар сарайының аумағында, Байқоңыр ауданының Ататүрік саябағының аумағында, Нұра ауданындағы Орталық саябақта және Сарыарқа ауданының «Көктал» саябағында сағат 12.00-ден 13.30-ға дейін мерекелік концерттік бағдарламалар өтеді.

Сарайшық ауданында Промышленный тұрғын алабында жаңа жылдық бағдарлама сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін өтеді.

Жаңа жыл қарсаңында 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін қаланың үш орнында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.

31 желтоқсанда сағат 21:00-ден 02:00-ге дейін қалалық алаңда (қала әкімдігінің алдында), «Қазақ елі» монументі мен ЭКСПО алаңының аумағында қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа жылдық мерекелік концерттер өтеді.

Іс-шараларға отандық эстрада жұлдыздары Алмас Кішкенбаев, Ауree, Еркеш Хасен, Бейбіт Қорған, Қайрат Баекенов, Зарина Омарова, Ильхан Ихсан, Құрмаш Махан, Маржан Арапбаева, Әлішер Кәрімов, сол сияқты Заман және Меломен топтары және басқа да әртістер қатысады.

ОТШАШУ

Астанада 31 желтоқсанда сағат 00.00-де демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылатын мерекелік жаңа жылдық отшашу атылады. Отшашулар екі жерде өтеді: Ботаникалық бақ және «Атырау» көпіріне іргелес аумақ. Әр жерде шамамен 2,5 мың мәрте атылады.