Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар қайтадан қымбаттай бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 523,54 теңгені құрады, бұл алдыңғы көрсеткіштен 1,56 теңгеге жоғары. Дәл қазір айырбастау пункттерінде доллар орташа есеппен 525 теңгеге сатып алынады, 527 теңгеге сатылып жатыр.
ДОЛЛАРДЫҢ ҚЫМБАТТАУЫ
28 қарашадағы Қазақстанның айырбастау пункттерінде валюталардың орташа өлшенген бағамы белгілі болды. Доллар 525 теңгеге сатыла бастады. 18 қарашада Қазақстанның айырбастаушыларындағы доллар бағасы 500 теңгеден, ал 26 қарашада 503 теңгеден асқан еді.
Ұлттық банк осыған байланысты интервенция жүргізді.
Артынша Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.