×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

Ақтаудағы апат: Қазақстан Embraer-190 ұшағының "қара жәшігін" Бразилияға жіберді

30.12.2024, 19:25
Ақтаудағы апат: Қазақстан Embraer-190 ұшағының "қара жәшігін" Бразилияға жіберді
Gov.kz

Қазақстан Ақтау маңында апатқа ұшыраған әзербайжандық AZAL компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағының өздігінен жазғыш құралдарын Бразилияға жіберді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы елдің Көлік министрлігі ресми хабарлады.

“Авиациялық оқиғаны тергеу Комиссиясы Бразилияға ұшып кетті. Борттық өздігінен жазғыштар Бразилияның авиациялық апаттарды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жеткізіледі”, делінген министрліктің ақпаратында.

Еске сала кетсек, ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстан, Әзербайжан, Бразилия өкілдерінен тұратын арнайы комиссия құрылған. 

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Әзірбайжан әуе жолдарының ұшағы құлаған жерден “қара жәшік” табылды. Ал “қара жәшіктің” екіншісі 26 желтосан күні табылған еді.  

26 желтоқсанда өткен брифингте Азаматтық авиация комитетінің басшысы Талғат Ластаев «Қара жәшіктерді» зерттеу сарапшылар Ақтауға келгеннен соң басталатынын мәлімдеген.

EURONEWS: ҰШАҚТЫ РЕСЕЙ ЗЫМЫРАНЫ АТЫП ТҮСІРГЕН

Euronews бұған дейін Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ ресейлік зымыраннан атылғанын мәлімдеген еді. Басылым Әзербайжан үкіметіндегі дереккөздерге сүйеніп, апат Грозный үстінде ресейлік зымыраннан атқаннан болған деп жазады сенімді түрде.

АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап38 адам қаза тапты.

Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы.

29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады.

Ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс ашылып, қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.