×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Құрылыс құнынан екі есе жоғары: Қазақстанда тұрғын үй бағасы шарықтап кетті

20.09.2021, 19:34
ашық дереккөз

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, жыл басынан бері тұрғын үй бағасы 10,9% қымбаттаған. Ал биыл тамыз айында тұрғын үйдің 1 шаршы метр құрылысына жұмсалатын орташа нақты шығын 150,6 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2% көп. Аталған көрсеткіштер арасындағы айырмашылық – 2,3 есе.  Бұл туралы ulysmedia.kz хабарлайды.

LS-тің хабарлауынша, 2021 жылдың тамызында бастапқы нарықтағы жылжымайтын мүліктің 1 шаршы метрі 343,8 мың теңгені құрады. Бұл шілде айымен салыстырғанда 1,1% жоғары.

Тамыз айында тұрғын үй құны мен шығындар арасындағы ең үлкен айырмашылық Маңғыстау облысында – 3,7 есе көп болды. Сонымен қатар, бұл аймақта шығындар 28,8% төмендеген. Ал ең аз айырмашылық Алматы облысында - 1,1 есе.

Шығыс Қазақстан облысында бір жыл ішіндегі шығын 169,3 мың теңгеге, яғни 50,3% өскен. Өскемендегі баспананың 1 шаршы метр үшін құны 271,5 мың теңге тұрады. Сондай-ақ, шығындардың айтарлықтай өсуі Шымкентте де байқалады. Бұл қалада шығын 181,9 мың теңге – 40,9% көп. Баспана бағасы мен шығынның айырмашылығы екі есе.

Бірнеше аймақта шығындардың қысқаруы байқалуда. Мысалы, Алматыда –  155,6 мың теңгеге дейін. 15,1% арзандады. Дегенмен, бұл мегаполистегі жылжымайтын мүліктің шаршы метрінің құны 408,6 мың теңге тұрады.  Нәтижесінде баға мен шығын арасындағы айырмашылық шамамен 2,6 есе. 

Серіктес жаңалықтары