×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Ангелина Қазақстан әнұранын жатқа шырқап берді

Фото: ашық дереккөзден

Астанадағы Тәуелсіздік мерекесіне орай өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы ару Ангелина Лукас кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегін жеңістен бастады деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол украиналық қарсыласы Светлана Василевскаямен төрт раунд бойы толық күш сынасып, нәтижесінде төрешілер отандасымыздың басым түскенін ұйғарды. Қос спортшы қызға ұйымдастырушылардан кештің үздік кездесуіне қатысушыларына ретінде 5 мың АҚШ долларынан табысталды.

Осы орайда, Ангелина, журналистерге сұхбаты барысында Қазақстан әнұранын еш мүдірместен мемлекеттік тілде жатқа шырқап, жанкүйерлерінің рухын көтерді.

Жалпы аталған бокс шарасында қазақстандық танымал былғары қолған шебері Данияр Елеусінов IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанып, Иван Дычко, Жаңқош Тұраров сынды ел намысын қорғаған күрзі жұдырық иелерінің де мерейі үстем болды.

Серіктес жаңалықтары