2025 жылдың 3 қаңтары күні Мемлекет басшысы республикалық "Ана тілі" газетіне кең көлемді сұхбат береді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
“Президент сұхбатта ішкі және сыртқы саясаттағы басты оқиғаларға бағасын береді. Сондай-ақ елдің биылғы саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуын қорытындылап, алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді айқындайды”, деп жазды Берік Уәли.
Еске сала кетсек, Қаңтар оқиғасы кезінде жоғары лауазымды тұлғалардан тұратын топтың күштік құрылымдарға да, қылмыс әлеміне де орасан зор ықпалы болған. Сондықтан билікті күшпен басып алуға бел буған. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында осылай деген еді.