Германия үкіметі Илон Маскты сайлауға Welt басылымы арқылы ықпал етуге тырысты деп айыптады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Батыс басылымдарына сілтеме жасап.
Басылым арқылы Мас "Германияға балама" (ADH) оңшыл партиясын қолдаған. Үкіметтің баспасөз хатшысының орынбасары Кристиана Хоффман Маск сайлау процесіне араласып жатқанын хабарлады.
Социал-демократтардың жетекшісі Ларс Клингбейл Масктың әрекеттерін Путиннің әрекеттерімен салыстырып, екеуі де демократия мен Германияны әлсіретуге тырысатынын атап өтті.
Сонымен қатар, канцлер Олаф Шольц жаңа жылдық үндеуінде азаматтарды манипуляцияларға қарсы тұруға және "әлеуметтік медиа иелеріне" ел тағдырын шешуге жол бермеуге шақырды. Ол 23 ақпанға тағайындалған сайлауда болашақты тек немістер анықтауы керек деп мәлімдеді.
Шольц неміс қоғамын қырағы болуға және демократиялық құндылықтарды қорғауға шақырды. "Мен өзімізді алдап кетпегенін қалаймын" деді ол.
ИЛОН МАСК ҚЫЗМЕТКЕ НЕ ҮШІН БАРАДЫ
АҚШ-тағы сайлауда Илон Маск Дональд Трампты қолдаған еді. Трамп сайлауда жеңген соң кәсіпкерлер Илон Маск пен Вивек Рамасвамиге үкіметте жаңа тиімділік департаментін бірлесіп басқаруды ұсынғаны бұған дейін хабарланған. Көп өтпей айтқанын орындады.
Миллиардер Илон Маск пен кәсіпкер және бұрынғы республикалық президенттікке үміткер Вивек Рамасвами жаңадан құрылған мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру министрлігін басқарады.
Маск пен Рамасвами "менің әкімшілігіме бюрократияны қысқартуға, артық реттеулерді қысқартуға, мақсатты емес шығындарды азайтуға және федералды агенттіктерді қайта құруға жол ашады", – деді Трамп мәлімдемесінде.