×
511.22
540.05
4.73
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.22
540.05
4.73

Дональд Трамп Илон Маскқа үкіметтен қызмет ұсынды

13.11.2024, 08:19
Дональд Трамп Илон Маскқа үкіметтен қызмет ұсынды
ашық дереккөзден

Дональд Трамп кәсіпкерлер Илон Маск пен Вивек Рамасвамиге үкіметте жаңа тиімділік департаментін бірлесіп басқаруды ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Бұл екі керемет америкалық азамат бірге менің әкімшілігіме үкіметтік бюрократияны жоюға, артық реттеуді азайтуға, ысырапшылдықты азайтып, федералды агенттіктерді қайта құрылымдауға жол ашады. Бұл Американы құтқару қозғалысының маңызды шарты", – деді Трамп мәлімдемесінде.

BBC мәліметтері бойынша, жаңа Департаменттің аббревиатурасы – DOGE-Маск насихаттайтын Dogecoin криптовалюта атауына сілтеме жасайды.

Жаңа құрылым қандай формада болатыны әлі белгісіз. Трамптың мәлімдемесінде ол кең ауқымды құрылымдық реформалар жүргізу үшін Ақ үймен және бюджет басқармасымен ынтымақтасатыны айтылады.

Маск пен Рамасвами бұл жұмысты 2026 жылдың шілдесіне дейін жасайтыны белгілі. Сол сәтке дейін олардың қызмет мерзімі аяқтала ма, жоқ па – белгісіз.

Еске сала кетейік, Илон Маск Дональд Трампты сайлау науқанында белсенді қолдады. Трамп оған сайланған жағдайда ресми лауазым беруге уәде берген.