×
530.24
543.97
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.24
543.97
5.16

Қазгидромет 2 қаңтарда қай өңірлерде боран соғып, күн бұзылатынын ескертті

01.01.2025, 17:45
Қазгидромет 2 қаңтарда қай өңірлерде боран соғып, күн бұзылатынын ескертті
ашық дереккөзден

Қазгидромет 2 қаңтарда күн бұзылып, боран соғатынын өңірлерді атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлытау облысында бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Жезқазғанда 2 қаңтарда түнде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с. Қызылорда қ.: 02 қаңтарда кей уақытта көктайғақ, тұман күтіледі.

Ақтөбе облысында түнде облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Ақтөбе қ.: 02 қаңтарда күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Атырау қ.: 02 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Абай облысының орталығы Семейде күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Өскеменде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 02 қаңтарда тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 18 м/с.

Астанада қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең кей уақыттарда 25 м/с.

Ақмола облысында бұрқасын, тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с күтіледі.