×
502.83
545.37
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.83
545.37
5.95

Астана маңында 95 көліктің бір-біріне қалай соқтығысқаны видеоға түсіп қалған

04.01.2025, 12:56
Астана маңында 95 көліктің бір-біріне қалай соқтығысқаны видеоға түсіп қалған
instagram - astana sergek

Астана маңында бір-біріне соқтығысқан 95 көліктің видеосы камераға түсіп қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видео Instagram-да тарады. Видеода жүргізушілер жылдамдық режимін елемей кеткенін байқауға болады. Аймақта белгіленген жылдамдық сағатына 80 шақырым болған. 

Жол тайғақ әрі көру нашар болса да жүргізушілер жылдамдықты азайтпаған. Ал бұл жағдайда жылдамдық сағатына 40-50 шақырым болуы керек. Одан бөлек, көліктердің арасындағы қашықтық та тым жақын болған. Осылайша жағдай одан ары ушығып кеткен, делінген Instagram-дағы жазбада. 

ТРАССАДАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС ШЕКТЕЛДІ

Боран салдарынан 95 көлік соқтығысқан Астана - Щучинск трассасындағы қозғалыс шектелді

“ҚазАвтоЖолдың” деректері бойынша ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жел, нашар көру) “Астана-Петропавл” автожолындағы учаскесі (18-232 км, Астана қ.-Щучинск қ.) автокөлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыс жабық.

Жылыту пунктінде 118 адам, оның ішінде 42 бала бар.

ТҮНДЕГІ ЖАҒДАЙ

3 қаңтарда түстен кейін Ақмола облысы Бұланды ауданы Жаңаталап ауылының маңында "Астана-Петропавл " автожолында жол апаты болды. ТЖМ мәліметінше, оқиға салдарын жою және көмек көрсету үшін Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары апат орнына дереу жіберілді. Оқиға орнына ТЖМ вице-министрі Кеген Тұрсынбаев бастаған ведомство басшылығы да барды.

4 қаңтарға қараған түні авариялық-құтқару жұмыстары барысында 86 адам,оның ішінде 14 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Олар Астана қаласына бара жатқан машиналармен және ТЖ көлігімен жөнелтілді.

21 АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ

Медициналық мекемелерге 21 адам жеткізілді, өздері жүгінген азаматтар да бар, оның ішінде 11 адам ауруханаға жатқызылды. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге ТЖМ, ІІМ, жол қызметтерінен 152 адам және 68 бірлік техника жұмылдырылды. Жылыту пункттері ашылып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

ЖОЛ АПАТЫ БОЛҒАН ЖЕР ТАЗАРТЫЛДЫ

Жол апатының салдары толығымен жойылды, жолдың шетіндегі қисық сызықты брус қалпына келтірілді. Ол түнде жолда қалған көліктерді өткізу үшін алынып тасталған болатын. Жол қызметінің қызметкерлері жол учаскесін толығымен тазартты.