Жетісу облысында Алакөл маңында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы мәлімдеді.
2025 жылғы 4 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 12:05:55-те ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС-ның сейсмикалық станциялар желісі Қазақстан аумағында жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 420 шақырым қашықтықта орналасқан, - делінген жедел хабарламада.
Жер сілкінісі сезілмеген.