5 қаңтарда Қазақстанның 17 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Астана қаласында 5 қаңтарда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
5 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қаласында 5 қаңтарда оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
5 қаңтарда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Жезқазған қаласында 5 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.
5 қаңтарда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Қарағанды қаласында 5 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.
5 қаңтарда күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу-бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Ақтөбе қаласында 5 қаңтарда күндіз көктайғақ күтіледі
5 қаңтарда Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі.
5 қаңтарда күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қаласында 5 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
5 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
5 қаңтарда Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
5 қаңтарда Атырау облысының солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Атырау қаласында 5 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.
5 қантарда Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 18-23 м/с.
5 қаңтарда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қаласында 5 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі.
5 қаңтарда Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
5 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен батысқа ауысып соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында 5 қаңтарда тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен батысқа ауысып соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
5 қаңтарда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қаласында 5 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.
5 қаңтарда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Алматы қаласында 5 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі. Қонаев қаласында 5 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.
5 қаңтарда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Шымкент қаласында 5 қаңтарда түнде және таңертең көктайғақ. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Түркістан қаласында 5 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.