×
527.3
544.86
4.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
527.3
544.86
4.95

Боран, жауын, аяз: 6 қаңтарда ауа райы қандай болады

06.01.2025, 08:07
Боран, жауын, аяз: 6 қаңтарда ауа райы қандай болады
Жасанды интеллект

Қазгидромет 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Метеорологтардың мәліметінше, 6 қаңтарда Қазақстанда жауын-шашын, боран, тұман, көктайғақ күтіледі. Тек елдің шығысында жауын жаумайды.

Астанада көшпелі бұлт жүреді, кейде аздаған қар, жауады, көктайғақ.Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан екпіні 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -6-8 градус, күндіз -2-4 градус аяз.

Алматыда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел екпіні 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -4-6 аяз, күндіз +1+3 градус жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыс, оңтүстіктен соғады, екпіні 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -2-4 аяз, күндіз +7+9 жылы.

Абай облысында жауын-шашынсыз. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Күндіз облыстың орталығында боран болады. Оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел екпіні 9-14, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -10-15 градус, облыстың шығысында -20, күндіз -10 градусқп дейін аяз.

Ақмола облысында түнде батыста және солтүстікте қар, боран, облыстың оңтүстігінде, шығысында аздаған қар, төменгі боран. Күндіз облыстың батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыста жел екпіні 9-14 м/с, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -3-8, облыстың шығысында -11, күндіз 0-5 аяз.

Ақтөбе облысында түнде солтүстік пен шығыста қар жауады, аздаған боран, күндіз оңтүстікте, шығыста, облыстың орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, боран болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Ауа температурасы түнде -8-13, облыстың оңтүстігінде -4, күндіз -4-9, облыстың оңтүстігінде -1 аяз болады.

Алматы облысында таңертең және түстен кейін солтүстік пен оңтүстікте жауын-шашын (негізінен қар), облыстың таулы аймақтарында қар жауады, көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында кейде тұман болады. Оңтүстік-шығыстан екпіні жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -3-8, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -13-18 аяз, күндіз 0+5 жылы. Облыстың таулы аудандарында -3-8 аяз.

Атырау облысында күндіз шығыста қар жауады, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстаү жел екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -3-8, күндіз 0-5 аяз.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын күтілмейді. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Ауа температурасы түнде -12-17, облыстың солтүстігінде, шығысында -20-25 аяз, күндіз -5-10 суық. Облыстың солтүстігінде, шығысында -13 аяз.

Жамбыл облысының таулы аудандарда қар жаууы мүмкін. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -2-7, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -10 аяз, күндіз 1+6 градус жылы. Солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -2 градус аяз.

Жетісу облысында таңертең және түстен кейін оңтүстікте аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың таулы аймақтарында қар жаууы мүмкін. Солтүстігінде, облыстың таулы аймақтарында тұман. Оңтүстік-батыстаү соғатын жел екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -8-13 градус, облыстың оңтүстігінде -5, облыстың таулы аудандарында -18 аяз. Күндіз 0+5 жылы. Шығыста, облыстың таулы аудандарында -5 градус аяз.

Батыс Қазақстанда күн жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ бар. Жел батыс, оңтүстік-батыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 7-12 аяз, күндіз -3-8 аяз, облыстың оңтүстігінде 0 градус.

Қарағанды облысында күндіз оңтүстікте аздаған қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыс жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -5-10, облыстың шығысында -15-20 градусаяз, күндіз -3-8, облыстың шығысында -12 градус аяз.

Қостанай облысында түнде қар, боран, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (негізінен қар), төменгі боран, көктайғақ. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыс, батыстан екпіні 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -5-10, түнде облыстың батысында -15 аяз, күндіз облыстың оңтүстігінде -2 градус аяз.

Қызылорда облысында күндіз батыста және солтүстікте аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Батыста, солтүстікте, облыстың орталығында тұман бар. Оңтүстік - шығыс жел 9-14 м/с.аауа температурасы түнде 0-5 аяз, күндіз 0+5 градус жылы.

Маңғыстау облысында таңертең және түстен кейін жауын-шашын (негізінен қар), көктайғақ. Солтүстігінде, облыстың орталығында тұман бар. Солтүстік-шығыс жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 аяз, облыстың батысында +3 градус жылы. Күндіз +3 градусқа дейін жылиды.

Павлодар облысында күн жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел екпіні 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -13-18, облыстың солтүстігінде -8, күндіз -1-6, облыстың шығысында -9 градус аяз.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы, солтүстікте және оңтүстікте аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, аздаған боран болуы мүмкін. Облыстың оңтүстігінде тұман бар. Жел оңтүстік-батыс, батыстан түнде 15-20, облыстың батысында екпіні 23 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5, облыстың шығысында -8, күндіз 0-5 аяз.

Түркістан облысында түнде тауларда аздаған қар жаууы мүмкін. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерінде тұман. Жел оңтүстік-шығыс, оңтүстік 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -8 аяз, күндіз +5+10 жылы. Облыстың таулы аудандарында 0 градус.

Ұлытау облысында түнде батыста және оңтүстікте, күндіз солтүстікте, шығыста және оңтүстікте аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болжанады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -3-8, облыстың шығысында -11, күндіз 0-5, облыстың шығысында -8 аяз.