×
527.3
544.86
4.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
527.3
544.86
4.95

Жамбыл облысында өз анасын өлтірген қылмыскерге үкім шықты

06.01.2025, 11:33
Жамбыл облысында өз анасын өлтірген қылмыскерге үкім шықты
uchalinka.com

Жамбыл облыстық соты өз анасын өлтірді деп айыпталған ер адамның ісін апелляциялық сатыда қарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2024 жылдың қыркүйегінде сотталған қылмыскер мас күйінде жанжал кезінде анасының кеудесіне пышақ салған. Анасы алған жарақатынан сол жерде дан тапсырған.

Сотта ер адам өлтіру пиғылы болмағанын айтып, кінәні ішінара мойындады. Қылмысын жазатайым оқиға деп атады. Жәбірленуші ретінде сөйлеген ағасы жаза шешімін соттың қарауына қалдырды.

Сот ішінара кінәні мойындағанын, істеген ісіне өкінгенін, бұрынғы соттылығының жоқтығын жеңілдететін жағдайлар деп тапты. Мас күйінде қылмыстық құқық бұзушылық жасау ауырлатады, - деп хабарлады баспасөз қызметі

ҮКІМ ЖӘНЕ АПЕЛЛЯЦИЯ  

Бірінші сатыдағы сот ер адамды 13 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталған адам жазаны жеңілдетуді сұрап шағым түсірді, бірақ сот үкімді негізді және заңды деп тауып, өзгеріссіз қалдырды.

Шешім заңды күшіне енді.