×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Британдықтар планетаны құтқару үшін Қазақстаннан көмір тасуға мәжбүр

20.12.2021, 10:31
Фото: ашық дереккөзден

Ұлыбритания 5000 шақырым қашықта жатқан Қазақстаннан көмір іздеуге және тасымалдауға мәжбүр, өйткені елдегі соңғы шахта жабылады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Bodmin and Wenford Railway теміржол компаниясы Ұлыбританияға Қазақстаннан отын импорттауға мәжбүр, деп жазады The Telegraph. Бұған дейін Bodmin and Wenford Railway Ұлыбританияда өндірілетін көмірдің жалғыз көзі Оңтүстік Уэльстегі шахта көмірін пайдаланған. Алайда, үкімет алдағы бірнеше айда оны экологияны сақтау үшін жабу керек деп шешті. Осылайша үкімет көмірдің қоршаған ортаға зиянды әсерінен біртіндеп бас тартады.

Көмір Ұлыбританияда жету үшін бүкіл Еуропаны кесіп өтеді. Теміржол қызметкерлері шетелдік тауардың қаншалықты сапалы екенін әлі білмейтіндіктерін өз қызметтерінің бағасы қаншаға көтерілетіні тупалы айта алмайды.

Джимми Джеймс, Bodmin and Wenford Railway өкілі, Ұлыбританияның теміржол қауымдастығы жұмысты жалғастыру үшін импортталған көмірді пайдалануға Үкіметтің рұқсатын алуға мәжбүр болғанын айтты. Бұл ретте Джеймс импорттың экологиялық таза еместігіне назар аударды, себебі қатты отынды алыстан тасымалдануға тура келеді.

2020 жылы Англияда соңғы шахта жабылды. Bradley Mine ашық карьері шамамен 200 жыл жұмыс істеді. Енді Англия Ресей мен АҚШ-тан отын импорттауға мәжбүр.

Серіктес жаңалықтары