×
482.33
557.57
5.74
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.33
557.57
5.74

Тоқаев Ақордаға қызметке келген Сатыбалдыны қабылдады

Тоқаев Ақордаға қызметке келген Сатыбалдыны қабылдады
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа қызметке кіріскен Дархан Сатыбалдымен Ақордада кездесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Тоқаев кездесу барысында Дархан Сатыбалдының Түркістан облысында атқарған жұмысына жоғары баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымы басқару процесі мен аймақтар арасындағы ықпалдастықты жетілдіру, өзінің тапсырмалары мен шешімдерінің жергілікті жерде орындалу барысына бақылауды күшейту, сондай-ақ қабылданған шаралардың сапасын жақсартып, азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайту мақсатында енгізіліп отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар, Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарына нақты міндеттер жүктелді.

Серіктес жаңалықтары