×
527.3
544.86
4.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
527.3
544.86
4.95

Қазақстанда елді мекендерді су тасқынынан қорғайтын жоба әзірленеді

08.01.2025, 13:35
Қазақстанда елді мекендерді су тасқынынан қорғайтын жоба әзірленеді

Су ресурстары және ирригация министрлігі 84 елді мекенді су тасқынынан қорғайтын 56 жобаны іске асырып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. . 

6 ОБЛЫС ҚАТЫСҚАН 

Министрлік көктемгі су тасқынынан қорғау мақсатындағы жобаны 6 облыс әкімдігімен бірлесіп даярлап жатыр.

Атап айтқанда, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында 580 мың тұрғыны бар 84 елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

ЖҰМЫСТЫҢ 40%-Ы ОРЫНДАЛДЫ

Жалпы ұзындығы 310 шақырым бөгет салу қарастырылған. Бүгінгі таңда бұл жұмыстардың шамамен 40%-ы орындалды, делінген мәлімдемеде.

Осыған дейін министрліктің бассейндік инспекциялары ТЖМ және әкімдіктермен бірлесіп еліміз бойынша 1502 гидротехникалық құрылысқа зерттеу жүргізді. Тексеріс қорытындысы бойынша гидротехникалық құрылыстардың иелеріне  кемшіліктерді жоюға ұсыныстар берілді. Көктемгі су тасқынын қабылдау үшін бос сыйымдылықтарды қамтамасыз ету мақсатында еліміздің солтүстігі, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы су қоймаларынан су жіберу жұмысы жалғасып жатыр, – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Еске сала кетейік, былтыр көктемде Қазақстанның бірнеше аймағында үлкен су тасқыны болған. Апат салдарынан 200-ден астам елді мекен зардап шегіп,17 мың үй су астында қалған. Үкімет мәліметіне жүгінсек, тасқыннан жалпы есепте 300 млрд теңге шығын келген.