Қазақстанда доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қандай екені белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 528 – 537 теңгеден саудаланып жатыр.
ҰЛТТЫҚ БАНК НЕ ДЕЙДІ
Ұлттық банктің мәліметінше, 8 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 527,30 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,95 теңге. Еуро — 544,86.
KURS.KZ
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 528,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 533,5 теңге. Еуро 545,5 — 552,5 теңге аралығында тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 530 теңге, сатып алу құны — 537 теңге. Еуро 545 теңгеден сатылып, 555 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,00 - 5,15 аралығында саудаланып жатыр.