×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Алматыда атыс кезінде даулы үйдің жаңа қожайыны көз жұмды

20.09.2021, 22:25
Tengrinews.kz

Алматыдағы Ақбұлақ ықшамауданындағы атыс кезінде қаза болғандардың бірі – даулы үйдің жаңа иесі. Бұл туралы қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов хабарлады. Бұл туралы ulysmedia.kz тілші tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға кешкі сағат 17:00 шамасында екі адамның меншік құқығына қатысты дауға байланысты болған. Сот шешімін орындау кезінде үйден қуылған тұрғын үйіне кіріп, сол жерден оқ жаудырған. Қаза болғандардың арасында екі учаскелік полиция қызметкері, сот орындаушысы бар.

Қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов қаза тапқандардың бірі – даулы үйдің жаңа иесі екенін айтты.

Үй Ақбұлақ ықшамауданындағы Сыздықов көшесінде орналасқан.

Еске сала кетсек, биыл 10 маусымында Алматы қаласы Алатау аудандық соты Д. Есімді азаматты және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерін үйден мәжбүрлеп көшіру туралы шешім шығарған. 2021 жылы 20 қыркүйекте сағат 14:00 -де сот орындаушылары аталған адамдарды үйден шығаруға келген. Сот шешімімен келіспеген 1967 жылғы Алматы тұрғыны ашу шақырып, сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторларына, ТЖД қызметкерлеріне заңды түрде тіркелмеген қарудан оқ атып, бес адамды өлтірген.

Серіктес жаңалықтары