×
527.23
544.05
5.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
527.23
544.05
5.05

Тарақан, антисанитария - Оралдағы пойыздың түрі жолаушылардың жағасын ұстатты

Тарақан, антисанитария - Оралдағы пойыздың түрі жолаушылардың жағасын ұстатты
Жасанды интеллект - Ulysmedia

Маңғышлақ-Орал бағытындағы пойыздың түрі жолаушылардың жағасын ұстатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz inaktau.kz-ке сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде тараған ақпараттарға сәйкес, пойызда тазалық атымен жоқ, телефон қуаттауға арналған жерлер жоқ және тарақан өріп жүр. 

ЖОЛАУШЫЛАР НЕ ДЕЙДІ

Жолаушы әйелдердің бірі Instagram-да назын жеткізген. 

Маңғышлақ-Орал бағытындағы вагондар сұмдық, қайтып бара жатқандары да солай. Балалар бөлек ұйықтауға қорықты. Тарақандар толып жүр, телефон қуаттайтын жер жоқ, дәретханалар сұмдық күйде. Адамдардың шағымын тыңдайтын кондукторларды аяймын. Қысқасы, сұмдық енді, дейді ол. 

Әйел адамның сөзінше, пойыз ыңғайсыз әрі жолаушылардың денсаулығына кесірін тигізуі мүмкін. 

2023 жылдың желтоқсан айында Оралдан Маңғыстауға сегіз вагоннан тұратын тікелей жолаушылар пойызы жолға шықты. Маңғыстаулық «Жолаушылар тасымалы» учаскесінің басшысы Қалиолла Сахиев бұған дейін вагондардың Қытайда жасалғанын және жаңа екенін айтқан болатын.