×
$
441.89
€
502.56
₽
5.19
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
441.89
€
502.56
₽
5.19

Маңғыстаудан қаза тапқан үш әскери қызметшінің денесі Оралға жеткізілді

Бүгін, 13:02
Маңғыстаудан қаза тапқан үш әскери қызметшінің денесі Оралға жеткізілді
Ulysmedia коллажы

Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан Батыс Қазақстан облысының үш әскери қызметшісінің денесі арнайы рейспен Оралға жеткізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Ұшақ 25 қыркүйек күні сағат 08:45-те Орал әуежайына қонды. Жеңіс Темірғәлиев, Өмірбек Өмірзақ және Ақжайық Гилаждың денесі жеткізілді.

– Қаза тапқан әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі мен жерлеу 26 қыркүйекте өтеді, – деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының әкімдігі.

Қазір жергілікті билік жерлеу рәсімін ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі. Қолдаудың бір бөлігін жергілікті атқарушы органдар берсе, оған кәсіпкерлер де атсалысады.

Контекст

Еске салайық, Маңғыстау облысында өткен оқу-жаттығу кезінде 17 әскери қызметші теңізге батып кеткен. Олардың үшеуі құтқарылып, 14-і қаза тапты.

25 қыркүйекте із-түзсіз жоғалған соңғы екі әскери қызметшінің – сержант Мансұр Ғұмаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денесі табылды. Осыдан кейін іздеу операциясы аяқталды.