×
527.23
544.05
5.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
527.23
544.05
5.05

Трамптың қонақүйінің алдында Tesla жарылды: күдікті бомбаны жасау үшін ChatGPT қолданған

Трамптың қонақүйінің алдында Tesla жарылды: күдікті бомбаны жасау үшін ChatGPT қолданған
ABC News

Трамптың қонақүйінің алдында Tesla-ны жарып жіберген арнайы жасақтың сержанты, 37 жастағы Мэттью Ливелсбергер жарылғыш құралды жасау үшін ChatGPT-ді қолданған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

АҚШ-тың тәртіп сақшыларының мәліметінше, сержант жарылғыш затты жасау туралы ақпаратты ChatGPT-ден жинап шыққан. 

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Біз жасанды интеллект ерте ме, кеш пе бәріміз өмірімізді түбегейлі өзгертетінін білеміз. Менің ойымша, бұл Америка Құрама Штаттарында ChatGPT арқылы жарылғыш затты адамзатқа зиян тигізу үшін жасалған алғашқы жайт, - деді Кларк округінің шерифі Кевин МакМахилл.

ChatGPT-ді иелік ететін OpenAI өкілдері компания технологиясы жарылыс дайындау үшін қолданылғаны туралы хабарды естіп қынжылғанын айтқан. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Бұл оқиға 1 қаңтарда Лас-Вегаста, Дональд Трампқа тиесілі қонақүйдің алдында болған еді. Ғимараттың алдында Tesla Cybertruck электрпикапы жарылып кетті. Көлікте отырған бір адам қаза тауып, оқиға орнында жүрген жеті адам түрлі жарақат алған. Көліктің ішінен қару мен мылтық табылған. 

Тергеу деректері бойынша, жарылысты ұйымдастырған Мэттью Ливелсберге бірнеше секунд бұрын суицид жасаған.