Армения үкіметі елдің Еуропалық Одаққа кіруін бастау туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы «Азаттық радиосының» армян қызметі хабарлады.
Заң жобасын таныстырған Арменияның сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян Еуропалық Одақ бірнеше рет армян демократиясын қолдағанын, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысқанын және елдің экономикалық тұрақтылығын қолдауға уәде бергенін атап өтті.
Армения ЕО-ға мүмкіндігінше жақын болуға дайын. Біз мұның мүмкін екенін байқадық, – деді шенеуніктерді жобаны қолдауға шақырған Мирзоян.
Енді құжат парламенттің қарауына жіберіледі.
Арменияның премьер-министрі Никол Пашинянның сөзінше, заң жобасының қабылдануы Арменияның Еуроодаққа мүше дегенді білдірмейді. Ол алдымен Еуроодақпен жол картасын талқылау және Армения Конституциясының талабы бойынша референдум өткізу қажет екенін айтты.
Заң жобасын 2024 жылдың күзінде Арменияда еуроинтеграция бойынша референдум өткізу үшін Орталық сайлау комиссиясына 60 мыңнан астам қол жинаған парламенттен тыс «Демократиялық күштер платформасы» ұсынды.