×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Қазақстанда қанша шетелдік студент білім алып жатқаны белгілі болды

20.12.2021, 16:35
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық жоғары оқу орындарында оқитын шетелдік студенттердің саны 30 мыңға жетті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Азаматтары Қазақстанға білім алу мақсатында келетін мемлекеттердің географиясы айтарлықтай кеңейді: АҚШ, Африка, Ресей, сондай-ақ Таяу Шығыс елдерінен келген студенттер санының өсімі байқалады. Жалпы, білім алушылардың басым бөлігі (64%) ТМД елдерінен келген.

«Қазақстандық университеттер түрлі халықаралық білім беру көрмелеріне белсенді қатысуда. Мәселен, осы жылдың қараша айында Бішкек (Қырғызстан) және Ташкент (Өзбекстан) қалаларында «Қазақстанның білім күндері» ұйымдастырылды. Осылайша, өзге елдердің азаматтары біздің жоғары оқу орындарымыз туралы білетін болады. Сонымен қатар университеттеріміз шетелдік студенттерге арнайы білім гранттарын бөледі. Шетелдік студенттер негізінен «Медицина», «Педагогикалық ғылымдар», «Бизнес, басқару және құқық», «Әлеуметтік ғылымдар» және тағы басқа бағыттарды таңдайды», – деп атап өтті ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Сондай-ақ қазақстандық жоғары оқу орындары жылдан жылға халықаралық білім беру кеңістігінде өз орнын нығайтып келеді. Мәселен, QS рейтингіне 14 қазақстандық жоғары оқу орны, Times Higher Education рейтингіне – 3 университет кірді.

Серіктес жаңалықтары