×
526.81
542.72
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.81
542.72
5.16

Банктен 55 млн теңге ұрлаған қазақстандық Швецияда ұсталды

11.01.2025, 09:22
Банктен 55 млн теңге ұрлаған қазақстандық Швецияда ұсталды
Ашық дереккөзден

ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен Швецияда 38 жастағы ер адам қолға түсті. Ол аса ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2018 жылдың қазан айында күдікті Алматы қаласындағы банктің бірінен аударымдарда махинация жасай отырып, 55 миллион теңге ұрлаған. Қазіргі уақытта күдікті шетелде қамауда.

Еске сала кетсек, Ұлытау облысында экология департаментінің басшысы пара алғаны үшін ұсталды. Тлеубеков жер қойнауын пайдаланушыға жұмыс істеуге рұқсат бергені үшін «BASS Gold» компаниясынан 2,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

Сондай-ақ жуырда Қазақстандағы қылмыс әлемінің серкелері қамауға алынды.