×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Димаш өмірлік ұстанымын бөлісіп, «қыңыр мінезі» барын айтты

20.12.2021, 20:12
Фото: Скриншот

Әнші Димаш Құдайберген инстаграм парақшасында тікелей эфирге шығып, оқырманының сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Сұрақтарға жауап берген Димаш алдағы уақытта ешбір жерде конценрті жоспарланбағанын айтты. Әлемдегі ірі қалалардың көбінде адамдардың жиналуына рұқсат берілмегендіктен, әнші алда гастрольдік сапарды көздеп отырған жоқ.

Тікелей эфир барысында әнші бірнеше рет қолдау білдірген жанкүйерлеріне алғыс айтты.

«Шынымды айтсам, сұхбат беруді ұнатпаймын. Ары кеткенде бірнеше жылда бір рет сұхбат беретін шығармын. Кейде 2-3 рет қайталанады. Әр мемлекеттің телеарналарында, аудиториялары алдында, арасында кішігірім сұрақ-жауапқа қатысатыным бар. Бірақ бұл сұхбаттарда жобаға келгендегі мақсаттарым туралы айтылады. Толыққанды сұхбатым аз. Мен әлемнің қай жерінде жүрсем де, біздің мамандығымыз сұхбатты талап етеді. Бірақ сұхбат беруді ұната бермеймін. Қыңыр мінезімнің қыры шығар», - дейді Димаш.

Әнші тікелей эфирін үш тілде жүргізіп отырды. Жеке басына қатысты сұрақтарға жауап бергісі келген жоқ.

«Менің репертуарымның ішінде өзіме ерекше ұнайтыны – Годжи Тамаки ағамыздың «Иканаида» деген әні. Негізі шығармашылық бағыттағы әр қадамымда өз-өзіме талап қоям. Өзіңіз көріп отырған Димаш осындай. Көп адам сіз өмірде қандайсыз деп сұрап жатады. Өмірде 100 пайыз дұрыс адам болмайды. Әрбір басқан қадамы оңынан бола беретін адам да жоқ. Адамға жалпы кішігірім болсын, үлкен болсын – қате жіберуі заңдылық. Әр адам өз тәрбиесі үшін жауапты. Әр адам басына бақ қонса Құдайға шүкірлік етуі тиіс. Әдемі сәттер үшін Аллаға шүкір деп, сіздерге рахмет айтудан тайынбаймын. Бұл менің өмірлік шағын философиям», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары