×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Канцлермен қоштасу: Германияда Меркель бейнеленген кәдесыйлар сатылуда

20.09.2021, 23:46
ашық дереккөз

Odenwalder marzipan кондитерлік фирмасы 16 жыл Германия канцлері болған Ангела Меркельмен қош айтысатын жақтастарының көңілін аулау үшін тәтті кәдесый дайындауда. Бұл туралы ulysmedia.kz хабарлайды.

ВВС-дің инстаграм парақшасында көшбасшының басы бейнеленген тәтті кәдесый қолмен дайындалғаны жазылды.

«Тәтті кәдесыйымыз Ангела Меркель ханымға арналады. Жоспар бойынша 500 дана ғана дайындаймыз», - дейді Odenwalder marzipan кондитерлік фирмасының менеджері Томас Зубер.

Марципан тәттілерін жасаушылар Ангела Меркельмен қош айтысатын жақтастарының көңілін осылай аулауды жөн көрген. Көшбасшының басы бейнеленген кәдесыйдың сақталу мерзімі – 2 жыл.

Өнімнің сыртында «Қызметінен кеткен көшбасшыға бар жақсылық атаулыны тілейтіндерге арналады» деп жазылған.

Еске сала кетсек, 26 қыркүйекте Германияда парламенттік сайлау өтеді. Дауыс беру қорытындысы бойынша елде канцлер басқаратын жаңа үкімет құрылады. Меркель болашақ сайлауларға қатысудан бас тартты. 2005 жылы ол Германияның федералды канцлері лауазымын иеленген бірінші әйел болды және бұл қызметті 16 жыл бойы атқарды.

Серіктес жаңалықтары