×
526.81
542.72
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.81
542.72
5.16

«Әкемді құшақтап, 20 минут тоқтамай жыладым» – түрмеден шыққан актер Асқар Жұмабек

11.01.2025, 15:18
«Әкемді құшақтап, 20 минут тоқтамай жыладым» – түрмеден шыққан актер Асқар Жұмабек
Фото: Instagram askarzhumabeqov

Жуырда түрмеден босап шыққан актер Асқар Жұмабек өзінің ата-анасынмен, туған туыстарымен қауышқан сәттегі сезімі жайлы бөлісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТикТокта BALPODCAST арнасына берген сұхбатынан үзінді жариялаған актер ата-анасын құшақтап ұзақ жылағанын жеткізді.

“Жеттім-ау, деп ата-анамды армансыз құшақтадым. 15-20 минуттай тоқтамай көзден жас ақты. Әкем де түсінді, жылап алсын деген шығар. Далаға қарап жаттым да, үйге жеткенше әкем екеуіміз қол ұстасып келдік. Одан кейін үйден анам шықты, әпкем, інім шықты. Жаман қатты сағынған екен. Жүгіріп келіп секіріп, үстімнен түспей қойды” дейді Асқар Жұмабек.

Ол сол сәттегі сезімді, бойындағы шексіз қуанышты өзге адамға сөзбен түсіндіріп беру мүмкін емес екенін, тек қана басынан өткізсе ғана түсінетінін айтады.

“Ол кездегі сезімімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Оны сезініп көру керек шығар. Бірақ сол сезімді көрмей-ақ та қойыңдаршы. Керісінше, қазір әке-шешеміз бар кезде барынша қадірлеп, сыйлап, сол кісілерді қуантып, жыласа тек қана қуаныштан жыласа екен деймін”, деді актер. 

Еске сала кетсек, олигархтардың ұлдарымен төбелесіп, сотталған актер Асқар Жұмабектің былтыр желтоқсан айында түрмеден шыққанын хабарлағанбыз. Ол 2023 жылы желтоқсанда сот залынан қамауға алынып, 6 жыл 6 айға сотталып кеткен. Актер үкім алдында президент Тоқаевқа видеоүндеу жолдап, араша сұраған еді.

 

@asqar.zhumabeqov Қалай болып жатыр ? #хочуврек ♬ оригинальный звук - Asqar Zhumabeqov