×
526.81
542.72
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.81
542.72
5.16

Мемлекетке қайтарылған 1,1 млрд теңгеге Кеген ауданында спорт кешені салынады

Мемлекетке қайтарылған 1,1 млрд теңгеге Кеген ауданында спорт кешені салынады
Ulysmedia.kz коллажы

Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа спорт кешені салынады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

1,1 МЛРД БӨЛІНДІ

Үкімет Алматы облысы Кеген ауданының Жалағаш ауылында спорт кешенін салуға 1,1 млрд теңге бөлді. Жоба «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде іске асырылып жатыр. Президенттің тапсырмасы бойынша Арнаулы мемлекеттік қордағы қаражат өңірлердегі әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына бағытталады.

СПОРТ КЕШЕНІ

Спорт кешені жалпы дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу сабақтарына және жарыстар өткізуге арналған. Жобада бокс, күрес және басқа да спорт түрімен айналысуға арналған бірнеше зал қарастырылған.

2024 жылы Қазақстанда барлығы 90 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды, олардың басым бөлігі ауылдық жерлерде. Одан бөлек, Үкімет 2025 жылдың соңына дейін спорттық инфрақұрылымға ауқымды түгендеу бағдарламасын іске асырып жатыр: 113 жаңа нысан салу және жұмыс істеп тұрған 26 спорт мекемесін реконструкциялау жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар нысандарды салуға шамамен 50,6 млрд теңге бөлді. Олардың қатарында 4 мектеп, оның ішінде біреуі музыкалық мектеп, спорт кешені, көпсалалы аурухана кешені, жатақхана, 2 балабақша бар.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Ұлысмедиа редакциясына Қаржы министрлігінің жолдаған жауабында қайтарылған активтердің ішінде 196 зергерлік бұйымы бары жөнінде ақпарат келіп жеткен болатын. 

Жақын арада қайта бағалау рәсімі өткізілгеннен кейін бұл бұйымдарды мемлекеттік мүлік тізілімінің порталында www.e-qazyna.kz аукцион арқылы өткізу жоспарланып отыр. Сатудан түскен барлық қаражат Арнаулы мемлекеттік қордың шотына аударылады.

ҚОРҒА ҚАНША ҚАРАЖАТ ЖИНАЛДЫ

Дәурен Темірбековтың сөзінше, 2024 жылдың 9 қыркүйектегі жағдай бойынша қорға түсімдер 176,3 млрд теңгені құраған. Оның ішінде Басқарушы компаниядан түскен қаражат 5,7 млрд теңге (активтерді сатудан және басқарудан қаражат). Бұл – бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына бөлінген сомаға тең қаражат.