×
528.52
539.14
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
528.52
539.14
5.17

Павлодарда пансионат қызметкерлері қарияларды азаптаған

Павлодарда пансионат қызметкерлері қарияларды азаптаған
Ашық дереккөзден

Павлодарда қарт адамдарды азаптаумен және алаяқтық әрекеттермен айналысатын қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ПРОКУРАТУРА

Павлодар қаласының прокуратурасы Полиция департаментімен бірлесіп, мүгедектігі бар зейнеткерлерді үнемі түрде ұрып-соққан жеке пансионатты анықтады.

Пансионат қызметкерлері 20 қарт адамның конституциялық құқықтарын өрескел бұзған (тамақтануды, қозғалысты шектеді, ұрып-соқты) және ұзақ уақыт бойы қайтыс болған адамдардың пәтерлерін жалға беріп келген.

СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕУ

Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды, оларды тергеп-тексеру ішкі істер органдарына тапсырылды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.