×
528.52
539.14
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
528.52
539.14
5.17

«Орыстарды қорғау» үшін Украинадағы соғысқа барған жезқазғандық сотталды

«Орыстарды қорғау» үшін Украинадағы соғысқа барған жезқазғандық сотталды
Ulysmedia коллажы

Ресейдегі "Вагнер" жеке әскери құрамында болып, Украинадағы соғысқа қатысқан Қазақстан азаматы сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Сәтбаев қалалық соты шетелде қарулы қақтығысқа және шетел мемлекетінің аумағындағы әскери әрекеттерге жалдамалылық белгілерінсіз қасақана заңсыз қатысқан «Г»-ға қатысты үкім шығарды. Сот оны бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы ауыр қылмыс жасаған деп таныды.  

МӘН-ЖАЙЫ

2022 жылдың күзінде Жезқазғанда жүрген сотталушы «Г» Қазақстан азаматы бола отырып, бұқаралық ақпарат құралдары мен желі арқылы идеологиялық мақсатты көздеп, әкесі «Г» (1931 жылы туған) Харков қаласының тумасы болғандықтан және шетел билігі орыс ұлтының құқықтарын шектеп жатыр деп санап, «В» жекеменшік әскери компаниясының қосылуды жөн деп шешкен. 

Осы мақсатта «Г» шетел мемлекеті аумағындағы қарулы қақтығысқа заңсыз қатысу үшін ЖӘК өкілдерімен байланыс орнатуды бастаған. 

2022 жылдың қараша айында қылмыстық пиғылын жүзеге асыра отырып, «Г» Жезқазған қаласынан Петропавл қаласына пойызбен барып, сол жерден таксимен Қазақстан шекарасын кесіп өтіп, шетелдегі «Курган» өткізу пункті арқылы өтеді. 

ЖӘК өкілдерімен байланысып, Краснодар өлкесіндегі «Молькино» ауылындағы оқу-жаттығу лагеріне барып, онда ЖӘК өкілдерімен келісімшарт жасап, шетелдегі қарсы қарулы қақтығысқа қатысуға ниет білдірген. 

КЕЛІСІМШАРТ ЖАСАСҚАН

Келісімшартқа қол қою кезінде «Г» ай сайынғы еңбекақысы 240 000 рубль екенін және қаза тапқан жағдайда досы «С»-ға 5 000 000 рубль көлемінде қаржылай өтемақы төленетініне келіскен. 

Сол күні ол ЖӘК-тің артиллериялық әскери бөлімінің қару-жарақ қоймасына жауапты болып тағайындалып, 2022 жылдың 6 желтоқсанынан бастап 2023 жылдың 6 шілдесіне дейін ол шетел Қарулы күштеріне қарсы әскери тапсырмаларды орындап, өз қылмыстық әрекеттерін жалғастырған. 

ЕЛГЕ ОРАЛУЫ

2023 жылдың 28 шілдесінде «Внуково – Астана» әуе рейсімен Қазақстанға оралған. Осылайша, «Г» Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 172-бабында қарастырылған қылмысты жасап, яғни шетел мемлекеті аумағындағы қарулы қақтығысқа Қазақстан азаматы бола тұра заңсыз қатысқан. 

ДӘЛЕЛДЕР

Сот отырысында сотталушы өз кінәсін толық мойындады, сондай-ақ,  оның кінәсі Ұлытау облысының Сәтбаев қалалық ҰҚК басқармасының жедел қызметкерінің рапорттарымен, жеке тінту хаттамаларымен, тұрғылықты жерін тінту хаттамасымен, ұялы телефонын тексеру хаттамасымен, екінші деңгейлі банктердегі қаржылық транзакциялар туралы деректермен және сотта зерттелген басқа да дәлелдермен дәлелденді. 

Сот жаза тағайындау кезінде қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесін, ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды ескерді. 

СОТ ҮКІМІ

Сот үкімімен «Г» Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 172-бабы бойынша кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздік мекемесінде 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.