×
$
446.56
512.34
5.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
446.56
512.34
5.3

Зеленский «Карпат сегіздігі» құрылғанын мәлімдеді: құрамында кімдер бар?

Бүгін, 11:21
Зеленский «Карпат сегіздігі» құрылғанын мәлімдеді: құрамында кімдер бар?

Украина президенті Владимир Зеленский C8 («Карпат сегіздігі») деп аталатын жаңа өңірлік ынтымақтастық алаңы іске қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

C8 құрамына қай елдер кірді?

Жаңа форматқа Украина, Румыния, Сербия, Польша, Словакия, Чехия, Аустрия және Венгрия кірді. Саммит жұмысына Еуропалық одақ өкілдері де қатысып жатыр.

C8-дің алғашқы саммиті Украинаның Карпат өңірінде, Ивано-Франковск облысында өтіп жатыр.

- Бізді және Еуропадағы көршілерімізді біріктіретін жаңа C8 - «Карпат сегіздігі» форматын іске қосып отырмыз, - деді Зеленский.

Ынтымақтастық бағыттары

Украина президентінің айтуынша, жаңа формат қауіпсіздік, энергетика, логистика және шекара маңындағы экономикалық байланыстарды дамытуға бағытталған.

Сондай-ақ қатысушы елдер өңірлер мен жергілікті қауымдастықтарды қолдауға басымдық бермек.

Саммитке Польшаның премьер-министрі Дональд Туск, Румынияның президенті Никушор Дан, Сербияның президенті Александр Вучич, сондай-ақ, Словакия, Чехия, Аустрия және Венгрия өкілдері қатысып жатыр.

Саммит 18–20 қыркүйек аралығында Буковельде өтеді. Оның аясында саясаткерлер, бизнес өкілдері мен инвесторлардың кездесулері жоспарланған. Сонымен қатар, энергетика, көлік, инфрақұрылым және өзге де салалардағы бірлескен жобалар талқыланады.