×
529.7
545.96
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
529.7
545.96
5.17

Жемқорларды шетелге шығармау керек: әділет министрі ұсынысқа қалай қарайды

Бүгін, 11:37
Жемқорларды шетелге шығармау керек: әділет министрі ұсынысқа қалай қарайды
Ulysmedia коллажы

Пара алып сотталғандарды Қазақстаннан шығуға тыйым салу мәселесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заң жобасына енгізілмеген. Алайда егер депутаттар сұрап отырса, әділет министрлігі оны қарауға дайын екенін білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“КЕЛСЕ ҚАРАЙМЫЗ”

2025 жылы 16 қаңтарда әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова депутаттардың сыбайлас жемқорларға шетелге шығуға тыйым салу жөніндегі бастамасына жауап берді. 

Ол мұндай түзету 15 қаңтарда мәжілісте талқыланған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң жобасына әлі ресми түрде енгізілмегенін түсіндірді. Алайда Жақселекова егер депутаттар осындай өзгерістерге бастамашылық жасаса, онда ведомство қарайтынын айтты.

Қазір мәжілісте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыс тобы өзгерістерді қарап жатыр. Соның шеңберінде кеше бірінші оқылымға шығарылған заң жобасында осындай бастама көтерілді, сондықтан біз оны қараймыз. Әзірге позиция жоқ. Ресми түрде білдірген емеспіз. Ол (ұсыныс) жұмыс тобына кірген жоқ, - деді Әділет министрлігінің өкілі.

ЖЕМҚОРЛАР ТІЗІМІ

15 қаңтарда Парламентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар талқыланған еді. Антикор төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұловтың айтуынша, заң жобасы бойынша ең алдымен, сыбайлас жемқорлардың жария тізілімін енгізу көзделген. Тізілімінен ақтау үкімінің заңды күшіне енуі және соттылықтың өтелуі негізінде шығару мүмкін болады. Тізілім агенттіктің сайтында орналастырылады. Тізілімді агенттіктің өзі жүргізеді.